Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Хабарландырулар » "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңбер

Хабарландырулар

"Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңбер

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 29.07.2019
Оқылды: 74 Печать страницы
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
 
Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі
 
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;
 
Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;
 
Электрондық пошта мекенжайы: upiir@industry.gov.kz;
 
Байланыс телефоны: 8 (7282) 329558;
 
Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
 
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
 
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;
 
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
 
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. "5" тамыздан бастап 2019 ж. "16" тамыз аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін (жергілікті уақытпен) сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.
 
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. "5" тамыз сағат 9.00 (жергілікті уақытпен)
 
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. "16" тамыз сағат 13.00 (жергілікті уақытпен)
 
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.industry.gov.kz сайтында танысуға болады.