Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Хабарландырулар » Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелігіне үміткерлердің өтінішін қабылдау басталды! Құрметті кәсіпкерлер!

Хабарландырулар

Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелігіне үміткерлердің өтінішін қабылдау басталды! Құрметті кәсіпкерлер!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 26.02.2019
Оқылды: 29 Печать страницы
Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелігіне үміткерлердің өтінішін қабылдау басталды!
Құрметті кәсіпкерлер!
 
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының филиалдары жанындағы Кәсіпкерлер кеңестері мүшелерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Текелі қаласындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелігіне үміткерлердің өтінішін қабылдау басталды.
 
Кәсіпкерлер кеңесінің міндеттері – кәсіпкерлік бастамаларды ұсыну мен қолдау, бизнесті жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, проблемалық сұрақтарды шешуге қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен талдау жүргізуге қатысу, кәсіпкерліктің мүддесі көтерілген әкімдік жанындағы комиссиялардың жұмысына қатысу.
 
Кәсіпкерлер кеңесінің үміткеріне келесідей талаптар қойылады:
 
- кәсіпкер және/немесе қауымдастық (одақ) басшысы болуы тиіс;
 
- ауданның (қаланың) қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы болуы тиіс;
 
- кәсіпкерлер арасында қоғамдық пікірдің көшбасшысы болуы керек;
 
- жеке бизнесінің табысты оқиғасы болуы керек;
 
- әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкер болуы қажет.
 
Арыз бен түйіндеме Кәсіпкерлер палатасында мына мекенжай бойынша қабылданады: Текелі қ., Абылайхан көшесі 29/1. Анықтама: 8 (72835) 7 90 06