Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Хабарландырулар » ЖАДНАМА

Хабарландырулар

ЖАДНАМА

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 05.03.2018
Оқылды: 221 Печать страницы

Қаланың аумағында қалың иттер мен мысықтардың санының көбеюіне байланысты, Алматы облысының мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 43-249 қаулысымен бекітілген «Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» талаптарына сай болу қажеттілігін еске саламыз.

Осы ережелерге сәйкес:

1. Иттерді және мысықтарды көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістерде, баспалдақтарда, баспалдақ алаңдарында, лифтілерде, жертөлелерде, шатыр астыларында, үйлердің төбелерінде), сондай-ақ осындай үйлердің жанындағы аумақтарда асырауға жол берілмейді.

2. Жеке тұрғын үйлер, жеке құрылыстар аумақтарында иттердің қашып кетуін, адамдарға және жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда иттерді оқшау аумақта және (немесе) байлап асырау қажет. Егер аумақты ит күзететін болса, иттің аумақта бар екендігі туралы аумаққа кіреберістегі иттің бейнесі салынған, "Ит күзетеді! Охраняется собакой!" деген жазба жазылған, көлемі 20 х 30 сантиметрден кем емес ескерту тақташасымен хабарланады.

Иттер мен мысықтарды асыраған кезде иелері төмендегі талаптарды орындауға міндетті:

1) ветеринарлық ұйымдарда иттер мен мысықтарды тіркеу

2) иттер мен мысықтардың оларды асырап отырған орыннан өз еркімен шығып кетуіне жол бермеу;

3) иттер мен мысықтардың айналасындағыларды мазалауға әкеліп соқпайтын және қауіп төндірмейтін жүрісін қамтамасыз ету;

4) иттер мен мысықтардың нәжісімен және өзге де тіршілік әрекет ету өнімдерімен көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланылатын орындарының (кіреберістердің, баспалдақтардың, баспалдақ алаңдарының, лифтілердің, жертөлелердің, шатыр астыларының, үйлердің төбелерінің), балалар алаңдарының, жолдардың, жаяусоқпақтардың, шағын гүлбақтардың, демалыс аумақтарының ластануына жол бермеу, ал ластаған жағдайда ластанған орынды жедел тазалау;

5) иттер мен мысықтарды жыл сайын екі айлық жасынан бастап аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға байқау және құтырма мен басқа да инфекциялық, паразитарлық ауруларға қарсы егу үшін әкелу;

6) иттер мен мысықтарды одан әрі асырауға мүмкіндік болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау ұйымына беру немесе аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына хабарлау;

7) иттерді асырау орындарынан тұмылдырықта және қысқа (1,5 метрге дейін) мойын жіппен айналасындағыларға мазасыздық, кедергілер келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға рұқсат етіледі.

8) серуендетіліп жүрген иттер немесе мысықтар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда тиісті дәрігерлік көмек шақыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті;

9) иттер мен мысықтарды тұрғын үйлердің маңында серуендету кезінде 23.00. мен 07.00. сағат аралығында тыныштықтың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

Ғимараттардың қасында иелері байлап қойғаннан басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аулада, саябақтарда) иесіз қалдырған жануарлар, осы ережелерге сәйкес аулануға және жансыздандыруға жатады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.

Иттер мен мысықтарды ұстау мен жүру қағидаларын бұзған жағдайда, ескерту немесе үш (7215 теңге) айыппұлға, ал денсаулыққа немесе мүлікке зиян келтірілген жағдайда он (24 050 теңге) айлық есептік көрсеткішке әкеп соғады.

Барлық сұрақтар бойынша: 49017, 46507, 79044 телефондармен хабарласуга болады.