Навигация

Жаңғыру 3.0

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Жаңалықтар » Хабарландырулар » Құрметті "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

Жаңалықтар

Құрметті "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 13.11.2017
Оқылды: 17 Печать страницы
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды:
Құрметті "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары! 2017 жылдың 2 қазан күнінен 7 қарашаға дейінгі уақыт аралығында қағаз бетінде жазылған шот-фактураларды ЭШФ АЖ-не енгізулеріңізді сұраймыз.
 
Құрметті "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары!
 
2017 жылдың 1 қазан күні электрондық шот-фактураның жаңа бланк нұсқасына ауысуына орай 2017 жылдың 2 қазан күнінен 7 қарашаға дейінгі уақыт аралығында кіру және ЭШФ жасауды бұғаттайтын қателіктер тіркелді.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Салық кодексінің 263 бабының 2-1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес көрсетілген қателіктерді техникалық қателіктер ретінде санады.
Осыған орай, көрсетілген уақыт аралығында қағаз бетінде жасалған шот-фактураларды 2017 жылдың 8 қараша күнінен бастап он бес күнтізбелік күн аралығында электрондық формада жасау мүмкіндігі болады.
Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
 
Жетекші маман Ахметова З.Т