Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алматы облысында COVID-19 жұқтырған

Алматы облысында COVID-19 жұқтырған

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 22.05.2020
Оқылды: 40 Печать страницы
Алматы облысында COVID-19 жұқтырған

28 талдықорғандық COVID-19 жұқтырған
Алматы облысында бір тәулік ішінде 19 COVID-19 оқиғасы анықталды. Олардың 16-ы белсенді анықталған, ал 3-і медициналық мекемеге өз бетімен өтініш білдірген. Естеріңізге сала кетейік, Кеген, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласы жұқтыру ошағы болып қалуда.
"Ағымдағы жылдың 20 мамырында Талдықорған қаласында 12 коронавирусты инфекция, Кеген ауданында-4 , Талғар ауданында-2 және Қарасай ауданында-1 жағдайы тіркелді. Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Үй ошағында және жұмыс орнында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда",– деп атап өтті Алматы облысы Бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Асхат Чарапиев.
Жұқтырғандардың тұрғылықты жері бойынша жұқтыру ошақтары карантинге жабылғанын білу маңызды. Сондай-ақ, мамандар байланыста болған адамдарға жедел және уақытылы бақылау жүргізеді. Спикердің айтуынша, облыста профилактикалық скрининг енгізілген. Осының арқасында, бүгінгі күні соvid-19 симптомсыз түрлерін және инфекцияның жасырын ошақтарын белсенді және жедел анықтауға мүмкіндік бар. 20 мамырдағы жағдай бойынша облыста 33 мыңнан астам адам ПТР диагностика әдісімен тексерілді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні облыста 238 COVID-19 жағдайы тіркелген, оның 28-і Талдықорған қаласында анықталған.