Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » «Текелі қаласы Рудничный ауылдық округ әкім аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекетт

«Текелі қаласы Рудничный ауылдық округ әкім аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекетт

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 22.05.2020
Оқылды: 38 Печать страницы
«Текелі қаласы Рудничный ауылдық округ әкім аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекетт

«Текелі қаласы Рудничный ауылдық округ әкім аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Таза және бірыңғай стандарттар мен нормативтік актілер арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынудың таза және тиімді процесін ұйымдастыру лауазымды тұлғалардың қызметтеріне субъективтік көзқарасты алып тастауға, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйден шықпай ақ e-gov.kz сайтынан ала аласыздар)
    1.  Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау(ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты).
    2.  Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру (Мемлекеттік корпорация, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы).
    3.  Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы) (ақылы).
    4. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою (Мемлекеттік корпорация, МО, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері,«электрондық үкіметтің» веб-порталы).
    5. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру (Мемлекеттік корпорация, МО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы)
    6. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (Мемлекеттік корпорация, МО, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы).
    7.  Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу (Аудандардың және аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, «электрондық үкіметтің» веб-порталы»).
    8. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (Аудандардың және аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері).  
     9. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату.
  10. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.