Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Тауарлардың электрондық саудасы

Тауарлардың электрондық саудасы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.02.2020
Оқылды: 59 Печать страницы
Тауарлардың электрондық саудасы
   Текелі қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды,
 жекелеген қызмет түрлерін тауарлармен электронды сауда жасауды  жүзеге асыратын  салық төлеуші ретінде  тіркеу есебіне қою Салық кодексінің 10бабы 1тармағы 88-тармақшасына  сәйкес іске асырылады. Бұл ретте жекелеген қызмет түрлерін – тауарлармен электрондық сауда жасауды жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою салық кодексінің 88-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде жүргізіледі.
Осы хабарлама жеке қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей салық органына ұсынылады.
Қазіргі уақытта жекелеген қызмет түрлерін - уәкілетті ұйымдардың қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын және тауарларды электрондық сатуды жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама (бұдан әрі-хабарлама) БСАЖ АЖ – да, сондай-ақ "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі-ЕЛ МДҚ) іске асырылды.