Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Мемлекеттік қызметкерлерге 230.00 нысаны бойын

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Мемлекеттік қызметкерлерге 230.00 нысаны бойын

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.02.2020
Оқылды: 64 Печать страницы
   Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
 Мемлекеттік қызметкерлерге 230.00 нысаны бойынша табыс декларациясын
тапсыру қажеттілігі туралы ескертеді.
 Мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаның міндеттерінің бірі тұрғылықты
жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табысы және оған тиесілі мүлкі туралы декларацияны ұсыну болып табылады. Декларация орналасқан
(тұрғылықты) жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
 Мәселен, 2019жылғы декларацияны 2020 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсыну қажет.
 Салық кодексінің 363 бабының 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы
және мүлік бойынша декларацияны (230.00-нысан) Қазақстан Республикасы
парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар, жүктелген
міндеті бойынша декларация мен Констиутциялық заңына және Қазақстан Республикасының «ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау туралы»  ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Туралы» заңына сәйкес ұсынады.
    Бұдан басқа, осы декларацияны жыл сайын мемлекеттік лауазым атқаратын адамның жұбайы (зайыбы) табыс етуге міндетті. Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейін үш жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органына
табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсырады.
   Декларация декларацияның өзінен (230.00-нысан)және есептелген салық
міндеттемесі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан ( 230.01ден 230.02ге дейінгі нысандар)тұрады.
 230.01-Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайы(зайыбы) табыс ететін мәліметтер.
 230.02- Мемлекеттік лауазымдағы қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары(зайыбтары), сондай-ақ өзге де санаттағы жеке тұлғалар табыс ететін мәліметтер.
 230.03 - Шетелдік көздерден алынған кірістер, төленген шетелдік салық және есепке жатқызу сомасы.
  230.04- Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық табысына салық салу.
 230 декларация нысаны мен оны толтыру ережелері ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  РК kgd.gov.k.z. порталында орналаластырылған ҚР Заңнамасы бөлімінде- Салық есептілігі нысандары 2019жыл жеке табыс салығы және әлеуметтік салық-230.00нысан.
Декларацияны электрондық түрде ұсыну үшін мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына (ХҚО) жүгіну арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу қажет.
 31 наурызды күтпестен, декларацияны алдын ала ұсыну ұсынылады, өйткені салық есептілігін тапсырудың соңғы күндері ақпараттық жүйелердің серверіне түсетін жүктеме пайда болады, ол пайдаланушылардың декларация ұсыну процесін едәуір қиындатады.