Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Сиқырлы шамдар жарығы

Сиқырлы шамдар жарығы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.12.2019
Оқылды: 180 Печать страницы
Сиқырлы шамдар жарығы
Сиқырлы шамдар жарығы
Текелі қаласының әкімі  Бахтияр Өнербаевтың қатысуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен көпбалалы отбасылардан шыққан сексен бала үшін жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.
Қала басшысы жас текеліліктерді мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық тілеп, үлкенге құрмет көрсетіп, Отанымызды сүюге, ұлтжанды, отансүйгіш, нағыз патриот азамат болуға үндеді. Құттықтаулардан кейін қала басшысы балалармен бірге әсем шыршаны айналып, ән салды.
Жасыл шырша жанына жиылған ертегі кейіпкерлері жыл иесі – Тышқанға «ғажап сусын» әзірлеуге көмектесіп, ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетті. Қалалық Мәдениет үйі қызметкерлері ұйымдастырған жаңа жылдық шырша мерекесінде балалар мультфильм, ертегі кейіпкерлерімен бірге көңіл көтеріп, тартысты ойындар ойнап, сайыстарда белсенділік танытты. Аяз ата мен Ақшақар шыршаның сиқырлы шамдарын жағып, бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік шара соңында балаларға оқу құралдары салынған сөмкелер, жұмсақ ойыншық пен тәттілер үлестірілді.
Сондай-ақ, сол күні қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен адамдарға арналған жаңа жылдық мереке ұйымдастырылып, жомарт жүректі кәсіпкерлердің сыйлықтары таратылды, Лаззат Сәлімжанованың жетекшілігіндегі «Ақ ниет» қоғамдық бірлестігі мерекелік дастарқаннан дәм татқызды.