Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Қоқыс контейнерлері жаңартылуда

Қоқыс контейнерлері жаңартылуда

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.12.2019
Оқылды: 103 Печать страницы
Қоқыс контейнерлері жаңартылуда
Қоқыс контейнерлері жаңартылуда
Мемлекеттік іргелі бағдарламалар қаламыздың жан-жақты дамуына серпін беріп, бүгінде шағын және орта бизнес өріс алып келеді. Әсіресе, қаламыздың туристік бағыттағы мол мүмкіндіктерін елдің игілігіне айналдыруға күш салынуда. Әрине, бұл тұрғыда орта тазалығын жақсарту мен тұрғындардың мәдени өресін жоғарылатудың маңызы зор.
Осы мақсат жолында бүгінде бірқатар кешенді жұмыстар қолға алынды. Қазір қаладағы қоқыс орындары біртіндеп жаңғыртылып, қоқыс жәшіктері жаңадан ауыстырылуда. Қоқыс орындарындағы бұрынғы кірпіштен қаланған қоршаулар сүріліп, оның орнына төбесі жабық темір қоршаулар орнатылуда. Сонымен бірге, ПЭТ құтылар мен полиэтилен қалдықтар бөлек салынатын сары түсті темір торлар қойылуда.
Демек, қала тұрғындары да тазалыққа мән беруі, күнделікті үйден шығарылатын қоқыстарды саналы түрде сұрыптап, ас қалдықтарын, пластик құтыларды бөлек-бөлек ыдысқа салуға дағдылану, бұл тұрғыда үлкендер нақты іс-әрекетімен балаларға үлгі бола білуі керек. Энергиясы біткен батареяларды, күйген газды лампаларды қоқыс орнына қойылған арнайы бітеу жәшікке салу шарт.
Жаңадан орнатылған қоқыс жәшіктерінің қақпағы бар. Ол қоқыстарды ит-құстардың шашып кетуінің алдын алады. Сондықтан, үйден шығарылған қоқыстарды шәшік ішіне салу тиіс. Көне жиһаздарды не құрылыс жүргізген кезде қалған қатты қалдықтарды қоқыс орнына тастауға тыйым салынады. 4-20-40 телефонына хабарласып, ақылы қызметке жүгінуге тура келеді. Баршаға ортақ қоғамдық, әлеуметтік қағидаларға немқұрайлы қарайтын, қоқысты қоқыс орнына жеткізбей не жәшіктің сыртына тастай салатындарға әкімшілік шара қолданылады.
Көркем табиғатпен үйлесім таба дамып келе жатқан қаламызға туристерді молынан тарту, сонымен бірге, қолында қаржысы бар инвесторларды баурай білу, олардың сеніміне ие болу маңызды. Бұл бағыттағы құлшыныстар, ең алдымен, қала тұрғындарының өз қаласына деген сүйіспен-шілігінен, тәртіпке саналы түрде бойұсынатын, тазалыққа барынша мән беретін, ұқыпты, белсенді, еңбекқор болмысынан айқын аңғарылады. Қала экономикасына қаржы салғысы келетін жандар ең алдымен, осындай қарапайым құндылықтарға баса назар аударады. Демек, қаламыздың бар әлеуетін ашу, оны пайдаға айналдыру өз қолымызда.