Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ұлттық сана керек

Ұлттық сана керек

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.12.2019
Оқылды: 388 Печать страницы
Ұлттық сана керек
Ұлттық сана керек
Жастар ресурстық орталығында қала әкімі Б.Өнербаевтың қатысуымен Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының және қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының
 жиыны өтіп, діни экстремизм мен терроризмнің туындауы мен
таралу мәселелері талқыланды.
Жиында Дін істері инспекторы М.Мұхамет  «Қоғамдағы деструктивті керағар діни ағым ұстанушыларының сыртқы бейнесі, сөйлеу және іс-қимылдарының ерекше-ліктері» көрсетілген слайд арқылы жат діни ағымдардың мақсаты мен қоғамға әкелер зардабы және сақтану үшін оларды тани білудің қажеттілігі жайында ақпарат берді.   
Жалпы, бүгінде қауіпті ағым саналатын сәләфизм сөзінің түп төркіні араб тіліндегі «сәләф» бұрынғы өткен, алғашқылар деген сөзден келіп шыққан. Ислам тарихындағы алғашқы үш буын – Мұхаммед пайғамбардың көзін көрген сахабалар, сахабалармен сұхбаттас болған табиғиндер және табиғиндердің өкшесін басқан әтбағу табиғиндер, осы үш буын өкілдері «сәләф» деп аталған. Яғни, олар ұстанған жол дұрыс болды. Алайда, өздерін солардың жолындамыз дейтін бүгінгі сәләфтердің мақсаты да, ұстанымдары да мүлде жат. Олар біздің баяғыдан қалыптасқан ұлттық дәстүрлерімізді мойындамайды. Діни амал-әрекетке адал болу дегенді желеу етіп, әке мен баланы, туыс-туғанды бір-біріне қарама-қарсы қояды. Аллаға серік қосуға болмайды деп, Мемлекеттік рәміздерге, ұлы тұлғаларға құрметпен қарауды тәрк етеді. Шындығында, ұлттық салт-дәстүрлеріміз біздің халқымызды ұстап тұрған ғажайып құрылым. Оны тәрк ету, ұлттан безумен бірдей. Сондықтан, жат діни ағымдарға тосқауыл қоюда, алдымен оларды тани білу маңызды.