Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Табыс пен өркендеу

Табыс пен өркендеу

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.12.2019
Оқылды: 201 Печать страницы
Табыс пен өркендеу
Табыс пен өркендеу
Сәрсенбіде Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің
ақпарат алаңында «Текелі: табыс пен өркендеу» тақырыбында өткен баспасөз брифингінде қала әкімі Бахтияр Өнербаев биылғы жылдың
10 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, рухани, мәдени дамуын жеделдету бағытында алда игерілетін кешенді жобалармен таныстырды.
«Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясаты күрделене түскен әлемдік экономикалық, саяси жағдай тұсында еліміздің тұрақты дамуын сақтап, халықтың әл-ауқатын үздіксіз арттыруда маңызды рөл атқаруда. Бұл оң үрдіс Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың берік сабақтастыққа құрылған, бүгінгі заман талабынан шығатын берік ұстанымынан айқын көрініс тауып, мемлекетіміз кез келген қиындықтарды береке-бірлікпен, еселі еңбекпен еңсеруде. Ел халқымен бірге текеліліктер де жемісті жетістіктерге қол жеткізуде. Соның нақты дәлелі – өткен 10 айда экономиканың барлық бағыттары бойынша жалпы тұрақты өсім қамтамасыз етілді» деген қала әкімі мемлекеттік іргелі бағдарламалар аясында қол жеткен жетістіктерге тоқталды, сонымен бірге, алдағы қадамдарды нақтылады.
Айталық, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына арқа сүйеген қаладағы шағын және орта бизнес белсенді дамып, бүгінде 2800 адам осы салада еңбек етуде, қала бюджетіне түскен түсім 1,2 млрд.теңгені құрады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау артып келеді. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде биылғы жылдың 10 айында 464 жаңа жұмыс орны құрылды. Келесі жылы бұл көрсеткішті 470-ке арттыру, жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға төмендету жоспарлануда. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Металлург» шағынауданының 5,02 км жылу магистралі мен 23,3 км кәріз жүйесі тұтастай жаңғыртылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қазір қалада 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тағы екі 40 пәтерлі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін бюджет есебінен 20 пәтер сатып алынды. Демеушілердің есебінен 5 көпбалалы отбасы баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тағы 7 отбасы баспанамен қамтылды.
Баршаға белгілі, жан-жақты және қарқынды дамуды қамтамасыз етуде инвестицияның алатын орны маңызды. Әрине, ол үшін жергілікті жерлердің ерек-шеліктерін, мүмкіндіктерін алыс-жақынға таныта білу керек. Осы бағытта атқарылған ізденісті еңбектің нәтижесінде биыл 10 айда 4,7 млдр теңге инвестиция тартылды. Бұл бағыттағы қадамдар ширай түспек. Келесі жылы болат құймаларын өндіретін «Электромарганец», әк өндіретін «Ак Altun Products» ЖШС іске қосу, «Tasun» ЖШС микрокальцит өндірісін кеңейту, сондай-ақ, туризм және жеміс-жидек өндірісін дамытуды ынталандыру негізінде инвестиция көлемін арттыру көзделуде.
Қала әкімі, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының барлық бағыттары бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға, келесі жылы тойланатын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қаладағы мемлекеттік қызметшілер арасында Абайдың қара сөздерін оқудан ұйымдастырылған «Ұлы тұлға ұлағаты» атты челлендждің маңызына ерекше екпін берді. «Ауылым  алтын бесігім» жобасы қалаға қарасты Рудничный ауылының алдағы дамуына тың серпін беретіндігіне сенім білдірді.
«Текеліні таза, көркем әрі қауіпсіз қала ету – алдымызға қойған игі мақса-
тымыз. Жазы жасыл желекке, қысы ақ ұлпаға оранып жататын тау қаласының болашағы жолындағы құлшыныстарымыз қаламыздың мол мүмкіндіктерін ел игілігіне айналдырып, алдағы дамуымызға жаңа тыныс, кең өріс ашатыны сөзсіз» деп сөзін қорытындылаған қала әкімі журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.