Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Бірлескен рейд өтуде

Жаңалықтар

Бірлескен рейд өтуде

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 22.11.2019
Оқылды: 48 Печать страницы
Бірлескен рейд өтуде
Бірлескен рейд өтуде
Мемлекеттік кірістер басқармасы мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, қаладағы негізгі жолдардың бойында орнатылған жарнама тақ-таларының заңға сәйкес-тігін саралау мақсатында рейдтік шаралар өткізуде.
Баршаға белгілі, заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар табыс, мүлік, еңбек ету, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті жалға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б. салалар бойынша мемлекет алдындағы салықты белгіленген мөлшерімен уақытында төлеуі тиіс. Әдетте жеке немесе заңды тұлғалардың меншігіне жатпайтын көшелер мен жолдардың бойына, әлеуметтік орындарға орнатылған жарнама тақталары үшін де жарнама иелері белгілі мөлшерде салық төлеуге тиісті. Рейдтік шара барысында қаладағы барлық жарнама тақталарының заңға сәйкестілігі және салықтық жауапкершіліктің орындалуы сараланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.