Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Сапалы қызмет ұсынуға нақты қадам

Жаңалықтар

Сапалы қызмет ұсынуға нақты қадам

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 21.11.2019
Оқылды: 43 Печать страницы
Сапалы қызмет ұсынуға нақты қадам
Сапалы қызмет ұсынуға нақты қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды алға қойғаны белгілі.
Осы мақсатта ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ұлан Қалжанов, сондай-ақ, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Алматы облыстық басқармасының қызметкерлері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамымен құқықтық оқыту» тақырыбында семинар-отырыс өткізді.
Қалалық әкімдіктің жиын залында өткен семинарға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мамандар қатысты.
Бүгінде мемлекеттік мекемелердің қызметін бағалаудың жалпы құрылымы «Мақсаттарға қол жеткізу», «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» және «Мемлекеттік органның ұйымдық дамуы» сияқты 3 негізгі блоктан тұрады. Әрбір блоктың өзіне тән бағыт-бағдары, міндеті, жұмыс тәртібі бар. Мысалы, «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесі» блогы мемлекеттік қызмет көрсету және шағымдар мен өтініштерді қарау сапасы, сондай-ақ, мемлекеттік органның ашықтығы сынды негізгі үш бағыт бойынша бағаланады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымыздағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан халыққа 6 млн 400 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Дегенмен де, тәуелсіз зерттеу орталықтары жүргізген сараптама нәтижесінде 100 адамның жартысынан астамы ғана мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көңілдері толатынын жеткізген. Демек, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің талапқа сай болуы, халық көңілінен шығуы үшін күш салынады. Бұл тұрғыда электронды қызметтің маңызы зор. Семинарда осы түйін негізінде мемлекеттік қызметтің электронды жүйесін тиімді пайдалана білу, қызмет сапасын жақсарту, өтініштерді дер кезінде әрі ұқыпты қарау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.