Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Әбіш оқулары

Жаңалықтар

Әбіш оқулары

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.11.2019
Оқылды: 45 Печать страницы
Әбіш оқулары
Жуырда қалалық №5 орта мектебінде «Кітап оқып, рухани бай бол» акциясы аясында «Өлмейтұғын артында із қалдырған» атты әдебиет алыбы Әбіш Кекілбаев оқулары өтті.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай қалалық ішкі саясат бөлімі мен кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен қалалық байқауда 6 оқушы бақ сынасты. Заманымыздың заңғар тұлғасының шығармаларын кеңінен насихаттау, балалардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жа-зушының рухани мұрасына деген сүйіспен-шілікке баулуды мақсат тұтқан дода «Таныстыру», «Көркемсөз шебері», «Сен білесің бе?» кезеңдерінен тұрды. Қатысушылар тарихи оқиғаға толы, ұлттық құндылықтарға, адамгершілік қасиеттерге үндейтін кесек туынды үзінділерін сахналап, прозасы мен поэзиясын мәнерлеп оқыды.
Қорытындыда Тәлет Есхат (№4 ОМ, 10 сынып)  жүлделі 1-орынға лайық деп танылса, Нұрдәуір Есболатұлы (№2 ОМ, 5 сынып) 2-орын, Нұрай Нұрғожа (№5 ОМ, 11 сынып) 3-орынға ие болды.  Жас қаламгерлер арнайы аталым және алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Нұржан Махаббатқызы