Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Біздің таңдау – парасыз болашақ

Жаңалықтар

Біздің таңдау – парасыз болашақ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 19.11.2019
Оқылды: 41 Печать страницы
Біздің таңдау – парасыз болашақ
Сәрсенбіде қалалық білім бөлімінің ұйытқы болуымен Мәдениет үйінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты марафон өтті. Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға насихаттау мақсатында Кербұлақ ауданының өрендері текелілік жастарға марафон жалауын салтанатты түрде табыстады.
Жастар жылы аясында жыл басынан облыста «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қолға алынған атаулы марафонның маңызы зор. Жиында сөз алған Кербұлақ аудандық білім бөлімінің бас маманы Әлихан Ерғалиұлы өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, жас та жасамыс та қоғам дертіне айналған індетке жиіркене қараса оны түп тамырымен жою оңайға түседі деп түйіндеді.
 Кербұлақ аудандық және Текелі қалалық білім ордаларының «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері жалынды сөздерімен, ой ұшқырлығымен көрерменді баурады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, ұлтжандылыққа үндеген бейнебаян көрсетіліп, рухты әндер шырқалды.
Нұржан Махаббатқызы