Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Алматы облысы бойынша жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтеді

Жаңалықтар

Алматы облысы бойынша жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтеді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.11.2019
Оқылды: 117 Печать страницы
Алматы облысы бойынша жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтеді
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Текелі қаласы Тәуелсіздік көшесі № 11 Мәдениет үйінің ғимаратында "Халық заңгері" атты кең ауқымды республикалық акция өтеді. Кездесуге келген қаланың кез келген тұрғыны адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, полицейлерден, Әділет қызметкерлерінен, көші-қон полициясы мен мемлекеттік органдардан жоғары білікті заң кеңесін ала-алады.
Көптеген азаматтар заңгерлерге ақылы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ және осы акцияның арқасында қала тұрғындары осындай мүмкіндікке ие. Бұдан басқа, облыстың әр ауданында және қалаларда бір мезгілде аталған акция өткізіледі.
«Халық заңгерінің» ұйымдастырушылары Департамент және "Параграф" ақпараттық жүйе желілік басылымы Zakon.kz болып табылады.
Бізді танымал адвокаттар мен заңгерлер қолдады. Басты Идея халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға нақты заң көмегін көрсетуге бағытталған.
Барлық тілек білдірушілерді күтеміз.