Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУДАҒЫ НАҚТЫ ҚАДАМДАР

Жаңалықтар

САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУДАҒЫ НАҚТЫ ҚАДАМДАР

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.11.2019
Оқылды: 115 Печать страницы
САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ҰСЫНУДАҒЫ  НАҚТЫ ҚАДАМДАР
Бүгін Текелі қаласы әкімшілігінің кіші мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ұлан Серікұлы Қалжанов және ҚСжАЕК Алматы облысы бойынша басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамымен құқықтық оқыту” тақырыбында семинар-отырыс болып өтті.
Өздеріңізге белгілі, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет деп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында атап өткен болатын.
Осы арада, облысымыздың мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатында Департаменттің бастамасымен Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасымен бірлесе облыс аумағында мемлекеттік қызметшілер үшін арнайы оқыту семинарлары өткізілуде. 
Оқыту семинарлары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызмет атқаратын, өтініштерді қарастыратын және азаматтармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысын қамтиды.
Аталған іс-шарада мемлекеттік қызметтерді жоғары деңгейде көрсету, өтініштерді дер кезінде әрі сапалы қарастыру сияқты көкейкесті мәселелер көтерілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, олардың тиісті шешімдері ұсынылды.