Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет – ұлттың рухани негізі

Жаңалықтар

Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет – ұлттың рухани негізі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 04.11.2019
Оқылды: 76 Печать страницы
Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет – ұлттың рухани негізі
№2 орта мектебінде «Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет –
ұлттың рухани негізі» тақырыбында кездесу өтіп, ақ сақалды
аталарымыз бен ақ самайлы апаларымыз жас буынға ұлттық
салт-дәстүрлеріміздің маңызды рөлін түсіндірді.  
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің ұлттық болмысымызға қайта оралуымызға, мемлекетіміздің, ұлтымыздың мүддесін қорғауда маңызды рөл атқаруда. Себебі, жаһандану үдерісінде экономикасы мен ұлттық негізі әлсіз елдердің жұтылып кету қаупі арта түсуде. Демек, мемлекет құраушы ұлт ретінде біз білімді һәм рухани бай болуымыз керек. Әрине, ол руханияттың салалы бір тамыры салт-дәстүрлерімізде жатыр. Сондықтан, бүгінде мектептерде білім берумен бірге ұлттық тәрбиеге де баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта өткен кездесуге «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Бектұрова, ансамбльдің белсенді мүшелері Оралтай Әлиева, Жанат Нұрғожаева, «Горняцкий» шағынауданында тұратын бүркітші қария Әбікен Халелұлы, қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Бақыт Қапезқызы қатысып, оқушыларды қа-зақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінде жатқан тәрбие өзегіне жетеледі. Шындығында, ата-анаға, отбасына, туған елге, өскен жерге, Отанға деген перзенттік сүйіспеншілік, табиғатқа жанашырлық, еңбекқорлық пен адал-дық, білімге, өнерге қызы-ғушылық, өзара құрмет пен сенімділік, міне осылай жалғаса беретін жақсы қасиеттердің бәрі біздің салт-дәстүрлеріміздің өн бойынан табылады. Ана тіліміздің шұрайлы һәм құнарлы қоры да ізгілік, батырлық, сұлулық, асқақтықпен бітеқайнасып жатыр. Яғни, ұлттық болмысымыз баланы шешен сөйлеп, бойын әсем ұстауға баулиды.
Тоқтаусыз жылжыған уақыт керуені өз келбетімен ерекшеленеді десек те, жалғасын тапқан жақсы үрдіс қана ғұмырлы болмақ.