Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » «Айбын» әскери-спорттық ойындары

Жаңалықтар

«Айбын» әскери-спорттық ойындары

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 30.10.2019
Оқылды: 93 Печать страницы
«Айбын» әскери-спорттық ойындары
      Жастар жылы аясында қалалық білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Айбын» әскери-патриоттық спорттық ойындарынан жарыс өтті.
Жастарды салауатты өмір салтын бастау, патриоттық сезімге баулу, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу және әскери өмірге дайындау мақсатындағы шараға ҚР қарулы күштерінің ардагері Е.Бадамбаев, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі инспектор А.Баймуханбетова, қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмаған істер жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенантты А.Дюзгенбекова, қалалық өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы лейтенант С.Молдағунов пен аға сержант Қ.Ахметов төрешілік етті. Жарысқа қала мектептерінің командалары қатысып, саптық дайындық, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау жаттығуы, кермеге тартылу, сондай-ақ, ұзаққа жүгіру бойынша сынға түсті. Нәтижесінде І орынды жеңіп алған қалалық №5 орта мектебінің командасы дипломмен және 40 мың теңге ақшалай сыйлықтың сертификатын еншіледі. ІІ орынды №6, ІІІ орынды №8 орта мектебінің командалары иеленіп, кубокпен және Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, АК-74 автоматын бөшектеп жинаудан №5 ОМ оқушысы Серік Мұхамед, кермеге тартылудан №8 ОМ оқушысы Мирас Тынышбаев, ұзаққа уақытқа жүгіруден №4 ОМ оқушысы Дінмұхамед Байдырахман мен №6 ОМ оқушысы Александр Макаров арнайы аталымдарды еншілеп, Алғыс хат және бағалы сыйлықтар иеленді.