Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Білім грантын иеленді

Жаңалықтар

Білім грантын иеленді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.10.2019
Оқылды: 110 Печать страницы
      Тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту әрі тарату, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауында қалалық
№8 орта мектебі бас жүлдені жеңіп алып, арнайы білім грантын иеленді.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан білім мекемесіне арналған, жалпы сомасы 34 млн. теңге көлеміндегі білім гранты – №8 орта мектебінің жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру ісіндегі құлшынысты еңбегінің жемісі.      
1987 жылы қыркүйекте балаларға құшағын айқара ашқан білім ордасында бүгінде мыңнан аса оқушы, жүзден аса ұстаз еңбек етеді. Ең бастысы, ширек ғасырды еркін еңсерген мол тәжірибе,  ұстаным мектептің өз ерекшелігін қалыптастырған. 
Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінінің жыл өткен сайын күрделеніп отырған үдерісінде аға буын ардагер ұстаздардың жинақталып, мектептің дәстүрлі ұстанымына айналып кеткен көп жылдық тәжірибелеріне мән беру арқылы бүгінгі инно-вациялық жаңалықтарды еркін меңгеруге мүмкіндік ашылған, атап айтқанда, арқаға түсер салмақтың бір бөлімін дәстүрлі тәжірибеге сүйей отырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданысқа енгізуге тиімді жағдай жасалған.
Ізденісті еңбектің жемісі – оқушы нәтижесі. Бүгінге дейін жалпы саны 31 «Алтын белгі», 8 «Үздік аттестат», әртүрлі сала бойынша 17 алтын, 8 күміс медаль – мектептің Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сүбелі жетістіктері. Білікті ұстаз, кемел тәжірибе, жаңашылдыққа бейімделгіш орта оқушылардың санасын сергітіп, ынтасын еселеп отырады. ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп сонау 2004 жылы республика көлемінде ең үздік 100 мектеп қатарына кірсе, жыл сайынғы орташа көрсеткіш 98 балдан жоғары нәтижені көрсетіп отыр. Инклюзивті білім беру бойынша да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мектеп – Алматы қаласындағы Фридрих Эберт қоры және Еуразия Технологиялық Университетімен бірлесіп «Заманауи мектептің инклюзивті білім беруге дайындығы» атты республикалық тәжірибе алмасу алаңының белсенді қатысушысы. Мектептегі білім беру жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарымен жүргізілетін тәрбиемен бірге өрілуде. Оқушыларды отбасын, туған қаласын, Отанын сүйе білуге баулуда, сан қатпарлы тарлан тарихымыздағы ұлы жетістіктерімізді мақтаныш сезініп, тұтас адамзат игілігіне айналған ата-баба еңбегін рухани күшке айналдыруда «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын өзек етуде.
«Мұғалім – оқушы – ата-ана», бұл – мектеп жетістіктерінің берік іргетасы. Мектеп жұмысы осы берік байланысқа негізделген және оған баса назар аударылады.
Тәртіп пен тазалық, мектеп ауласының жарасымдылығы да оқушылардың білім сапасына оң ықпал етуде. Ағаштармен, гүлдермен, жасыл шөп-термен көмкеріліп, қай уақытта да тап-таза болып тұратын мектеп ауласы да ұстаз бен шәкірттің ойын сергітіп, шабытын шалқыта түседі. Міне, осындай жалғаса беретін жақсы үрдіс мектеп ұжымын, оқу-шыларды жемісті жетістіктерге бастауда.