Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ойыннан ой түйдіру

Жаңалықтар

Ойыннан ой түйдіру

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.10.2019
Оқылды: 81 Печать страницы
     Текелі қалалық №1 балабақшада мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған бағдарламасын іске асыру бойынша  арнайы курсты оқып, сертификат иеленген тәрбиешілердің теориялық және тәжірибелік білімдерін таныстыру бойынша қалалық семинар өтті.
Семинарға қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының мамандары, балабақшалар мен мектепке дейінгі шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты.
Семинардың ашылуында балабақша меңгерушісі Әлия Тұғылбаева балаларды оқуға дайындауда, сондай-ақ, мектеп өміріне дағдыландыруда мектепке дейінгі мекемелердің маңызды рөл атқаратынын, сондықтан, білім мен біліктілікті үздіксіз жетілдіріп отырудың қажеттілігін алға тартып, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша арнайы курстан өткен тәрбиешілердің теориялық білімін, әдіс-тәсілдерін тарату, өзара тәжірибе алмасуды мақсат еткен семинардан көкейге түйер құнды нәрселердің көп болатындығы сенім білдірді.
Семинар екі бөлім бойынша өтті. Теориялық бөлімде тәрбиеші Г.Ақсақалова жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың тың тәсіл-дерін баяндады. Атап айтқанда, балаларды ойнауға, сөйлеуге ынталандырып, ойыннан, сөзден ой түйерлік сабақ жоспарларын ортаға салды. Оның айтуынша, ойнатылатын ойынға, айтылатын сөзге қатыстырылатын деталдардың бәрі өтілетін сабақ мазмұнына сай болуы және соған сәтті жұмыс істеуі керек. Сабақ мазмұнына қатысы жоқ деталдар мүлде болмауы тиіс. Кейде мақсатты түрде мазмұнға еш қатысы жоқ деталдар енгізіліп, сабақ соңында оған балалардың назар аударған-аударма-ғанына көңіл бөлу және оның сабақ мазмұнына қатысы жоқтығын ескерту керек. Бұл балаларды жинақылыққа, шындықты бетке ұстауға бейім-дейді.
Осы бөлімде, сондай-ақ, Л.Жұмабекова В.Воскобович технологиясын пайдаланудың ерекшеліктерін өз тәжірибесімен түсіндірді.
Практика бөлімінде О.Вольных балаларды спортқа ынталандыру бойынша авторлық бағдарламасын көрсетті. Яғни, жас санаты бойынша әзірленген, барынша ыңғайлы дене қимылдарынан балалар ширап, жеңілдеп қалғандай, өздерін жақсы сезінуі керек. Бұл өте маңызды. Семинарда сабақ өткен әрбір тәрбиеші жаңартылған бағдарламаның баланы жан-жақты бейімдеудегі рөлін көрсете білді.
Жалпы, балабақшаларға ата-аналар жұмыстағы кезінде балаларын қалдырып кететін орын ретінде қарайтын көзқарасты өзгерту керек. Шындығында,