Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Амбулатория жаңа ғимаратқа көшті

Жаңалықтар

Амбулатория жаңа ғимаратқа көшті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 26.09.2019
Оқылды: 72 Печать страницы
Амбулатория жаңа ғимаратқа көшті

«Достық» шағын ауданындағы қалалық аурухана амбулаториясы жаңа ғимаратқа көшті.

Қала күні мерекесімен тұспа-тұс келген ашылу салтанатында қала әкімі Бахтияр Өнербаев медицина саласын бүгінгі заман талабына сай дамыту қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзартудағы маңызды үдеріс екенін алға тартып, көпшілікті игі іспен құттықтады.

Бұған дейін амбулатория Әл-Фараби көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің пәтерінде шағынаудан тұрғындарына қызмет көрсетіп келген еді. Пәтердің бөлмелері тар болса да, үлкендер мен балалар осында алғашқы медициналық көмек алып, ем-дом қабылдайтын. Әсіресе, эпидемиялық маусымда науқастарға ыңғайсыз болатын, міне, енді амбулаторияның өз ғимараты бар.

Жаңа ғимараттың ауласы абаттандырылған. Бөлек 2 ғимараттан тұратын нысанда дәрігерлік кабинет, ем қабылдау бөлімі, изолятор, т.б. үшін орын жеткілікті.

Амбулаторияда 2 дәрігер – педиатр және жалпы тәжірибе дәрігері, сондай-ақ 3 ЖТД медбикесі және 2 медбике-педиатр тұрғындарға қызмет көрсетеді.