Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Бірлік пен діни келісім – біздің басты байлығымыз

Жаңалықтар

Бірлік пен діни келісім – біздің басты байлығымыз

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 24.09.2019
Оқылды: 67 Печать страницы
Бірлік пен діни келісім – біздің басты байлығымыз

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қакзақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Отанымыздың бұған дейінгі жетістігін баянды, бірлігіміздің нәтижелі екенін айқын көрсете отырып, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін арттырып, бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті  қалыптастыра беруіміздің қажеттілігін баса айтты.

Жолдауда Мемлекет басшысы: «Біздің ұстанымымыз: ел бірлігі – оның әр алуандылығында!» деп бірлікке баса маңыз берді. Қазақ халқы «Бірлік бар жерде тірлік бар», деп бекер айтпаған. Бірлік-береке тәуелсіздігімізді нығайтып, Отанымыздың дамуының негізгі тірегі екені даусыз. Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі.

Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Адамның пайда болуынан бері өмір сүріп келе жатқан діннің өзіндік мәні зор. Дінге көзқарас әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Дін – бүгінгі қоғамда өмір сүріп жатқан әр азамат үшін мәдени қажеттілік. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын ерекше құбылыстар. Дін – қоғамдық құбылыс, ал қоғам – мемлекеттің негізі. Қазір өркениетті қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Өркениетті қоғамның әрбір адамы өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі қажет.

Діни келісім мен конфес-сияаралық бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық көп ұлтты және кеп конфессиялы еліміз үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіл әлемдік діни-рухани форумдардың орталығы болуымен де белгілі. Елімізге әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары діни мәселелерді шешу үшін жиналып, бір үстел басында пікірлесуде. Қазір еліміздегі діни ахуал дүниежүзіне үлгі боларлық. Біздегі негізгі діндер ислам мен православие арасындағы байырғы және достық қатынастар қалыптасты. Құрбан айт және Рождество ресми түрде демалыс күндері саналады. Ұлтаралық және конфессияаралық келісім үлгісі Қазақстанның кемсі-тушілікке қарсы күреске және жаһандық қауіпсіздікке қолдау көрсетуге қосқан үлесі болып табылады. Қазақстан бұрын-нан келе жатқан әлемдік діндердің қиылысу жолының орталығы болып отыр. Осыған қатысты Елбасымыз Н.Назарбаев Жолдауында «Біздің топырағымыз арқылы барлық әлемдік діндер өткен. Осынау рухани дәстүр  Қазақстандағы конфессиялар арасындағы татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі. Бұл жетістік арқылы біз күллі әлемге танылмақпыз», деді.

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделін қарастыратын болсақ, мұнда Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделі қалыптасқанмен, ол мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді. Осы арада Қазақстанда дінаралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдарын атап өту керек. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қор-ғауға кепілдік береді. Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсі-тушіліктерге тыйым салады.

Корыта келгенде, Қазақстанның әр азаматының бойында, бірінші – қазақ халқының бірлігі мен ынтымағы үшін намыс жігер, екінші – жалпы этносаралық бірлік
-берекені, дінаралық түсініс-тікті дамыту, үшінші – биік парасат болуы керек демекпін.

Халқымыздың: «Үй іші ала болса, кереге басы толған бәле болады» дейтіні – бірлік-берекесіз тұрақтылық та, өркендеу де болмайтынын дәлелдеген ұлағатты тұжырым.

Сондықтан діни келісім, ұлттараралық бірлік біздің ең қымбат байлығымыз болмақ.

 

Б.Файзулла, «Текелі қаласының «Шарапат-Сауап» корпоративтік қорының төрағасы