Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Өркендеу жолында

Жаңалықтар

Өркендеу жолында

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 23.09.2019
Оқылды: 49 Печать страницы
Өркендеу жолында

Қала күні мерекесінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап ішкі саясат бөлімі мен «Текелі қаласының «Шарапат-Сауап» корпоративтік қоры бірлесіп, «ABAI Live-Абайды бірге оқиық!» әдеби шарасын ұйымдыстырды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында атқарылған іс-шара-лардың көрмесімен бірге ұйым-дастырылған әдеби шараға көпшіліктің қызығушылығы жоғары болды. Әсіресе, мектеп оқушылары, бірі ақынның өлең-дерін мәнерлеп оқыса, енді бірі қара сөздерін жаңылмай жатқа айтты.

Абай мұрасы халқымыздың асыл қазынасы. Дәуір биігінен толғаған өрелі ойлары бүгіннің өзінде өте өзекті. Ақынның бізге қалдырған өсиетін өр тұтып, нұсқаған жолымен жүрсек әлемдік өркениеттің  биігінен көрінетініміз сөзсіз. Абай шығармаларын оқып, әндерін шырқаған жас буынның санасы ешқашан сансырамайды. Байқауда болмысынан осындай үкілі үмітті байқатқан оқушылар Алғыс хаттармен, ақын шығармалары басылған кітаптармен марапатталды.