Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 29.08.2019
Оқылды: 101 Печать страницы
ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
 
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан бастау алған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша қалалық Мәдениет үйінде мемлекеттік қызметтерді электронды түрде «egov» порталы арқылы сапалы көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күндері» акциясы өткізілді.
 
Акция аясында 11 мемлекеттік мекеменің қызметкерлері қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ немесе өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы алудың тиімділігін түсіндірді.
 
Бүгінде қаламыз бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 70 пайызы электронды форматқа өткен. Сондықтан, түсіндіру бойынша іс-шаралар жалғасын табады.