Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Көмек – мұқтаж жандарға

Жаңалықтар

Көмек – мұқтаж жандарға

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.09.2019
Оқылды: 18 Печать страницы
Көмек – мұқтаж жандарға
Көмек – мұқтаж жандарға
 
Осы аптада қаламызға арнайы іссапармен келген «Nur Otan» партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау Кеңесінің мүшесі Рысты Жұмабекова бастаған жұмыс тобы қаламыздағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесі бойынша, сондай-ақ, әлеуметтік қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты зерделеп, оң баға берді.
 
«Бақытты отбасы» Жол картасы жобасын егжей-тегжейлі түсіндіру, балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетудің тиімді тетіктерін саралап енгізу, соңдай-ақ, бала құқығын қорғау қызметін бағалау мақсатындағы жұмыс тобы алдымен әкімдіктің мәжіліс залында кездесу өткізді.
 
Кездесуге қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы, сондай-ақ, қалалық әкімдік жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.
 
Қалалық аурухана басшысы Е.Целищева, білім бөлімінің басшысы З.Игембаева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ысқақова өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, Р.Жұмабекованың қойған сұрақтарына жауап берді.
 
Жалпы, елдегі әлеуметтік жағдайдың деңгейі тұрғындардың ортақ даму көрсет-кішімен сипатталады.
 
Бұл тұрғыда, аз қамтылған, көп балалы, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларына көмектесіп, олардың жағдайының жақсаруына мүмкіндік жасау маңызды.
 
Бала құқығының қорғалуымен өзектесіп жатқан осы аса күрделі үдерісте әлеуметтік саланың жүгі де жауапкершілігі де салмақты.
 
Осы жауапкершілікті сезіне отырып, ба-лалар құқығын қорғау бағытындағы, әсіресе, өмірлік қиын жағдайдағы отбасы балаларының білім алуы, өмірге бейімделуі мен әлеуметтік қорғалуы бойынша кешенді түрде атқарылып жатқан қызметтерге оң баға берген жұмыс тобы №8 орта мектебі, №2 балабақша, №2 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті, сондай-ақ, ауруханада болып, нақты жағдайға қанықты.
 
Р.Жұмабекова әрбір саланың жұмысының тиянақты, нәтижелі екенін алға тартып, алдағы уақытта бірлесе, яғни, білім, денсаулық, әлеуметтік және құқық қорғау саласының мамандарынан жасақталған шағын топтар арқылы көмекке мұқтаж балалар мен отбасылардың жағдайын біліп, мәселелердің дер кезінде шешілуіне мүмкіндік жасаудың қажеттілгін айтты.