Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Кәсіпкерлікке қолдау артады

Кәсіпкерлікке қолдау артады

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.09.2019
Оқылды: 106 Печать страницы
Кәсіпкерлікке қолдау артады
Кәсіпкерлікке қолдау артады
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды.
 
Президент Жолдауда ең маңызды деген әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық тақырыптарды қозғады, сондай-ақ оларды шешу жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстарды айтты.
 
Президент шағын және орта бизнес, бұл – қалалар мен ауылдарды дамытудың берік негізі екенін ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев экспортқа жұмыс істейтін орта бизнестің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге арналған құралдарды құруға назар аударды.
 
Мемлекет басшысы бұл қадамдар арқылы елімізде кәсіпкерлікті қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін көрсетті. Жолдау кәсіпкерлер үшін осынысымен құнды.
 
Сонымен қатар, бизнес мемлекеттің қолдауына да сәйкесінше жауап беруі тиіс. Біздің кәсіпкерлер сервисті жақсартып, шығарылатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруды жалғастырып, әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпағаны жөн.
 
Тұрысбек Жұмаділов, Кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры