Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Пробация туралы Заңы

Жаңалықтар

Пробация туралы Заңы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.09.2019
Оқылды: 27 Печать страницы
Пробация туралы Заңы
 
Пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.

Пробацияның мақсаты:

1)күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;

2) сотталған адамды әлеуметке қосу;

3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа сәйкес мыналар пробацияның міндеттері болып табылады:

1) пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау;

3) бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру;

4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу.
 
Әлеуметтік-құқықтық көмек – пробацияны жүзеге асыратын субъектілер әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде іске асыратын, өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосуға, әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға бағытталған шаралардың кешені.
 
Қазақстан Республикасының пробация заңы №38-VI 2016 жылдың 30 желтоқсанынан бері жұмыс жасайды.
 
Текелі қалалық пробация қызметі бөлімшесінің инспекторы
әділет аға лейтенанты М.А.Жаксыгулов