Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жаңа оқу жылы басталды

Жаңалықтар

Жаңа оқу жылы басталды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.09.2019
Оқылды: 35 Печать страницы
Жаңа оқу жылы басталды
Жаңа оқу жылы басталды
 
1 қыркүйекте қаламыздағы барлық мектептерде алғашқы қоңырау сыңғарлап, мұғалімдер мен оқушылар алтын ұя білім ордасына оралды.
 
Жазғы демалыстан сергіп, бойына күш-қуат жинаған ұзтаздар мен шәкірттер жаңа оқу жылында жаңа табыстарға қол жеткізетіндіктеріне сенімді.
 
Білім күні қалалық №8 орта мектебінде болып, барлық мүғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының бас-талуымен құттықтаған қала әкімі Бахтияр Өнербаев:
 
«Жастардың білімі мен тәрбиесіне айрықша мән беру – біздің міндетіміз. Қазақ Елінің кемел келешегі қашан да ұлағатты ұрпаққа сапалы білім берумен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Бәріміз Қазақстанды гүлденген, дамыған елге айналдыруға ұмтыламыз. Бұған жетудің кілті – сапалы және қолжетімді, қазіргі заманғы білім», деп жалынды да қайратты, білімі өркениетке сай жастарға бар жағдай жасау қажеттілігін алға тартты», – дей келіп, білім алға шыққан бүгінгі заманда ұстаз еңбегінің бағалануы және ұстаздар сол құрметке лайық болуы керектігін атап өтті. Қала әкімі, мектептерде, әсіресе, тәрбие жұмысына мән берілуі керектігін, балаларды өздері тұрып жатқан қаласын сүйюге, оның экологиясы мен тазалығын сақтауға, тәртіпті болуға баулу ісіне барынша мән берілуі керектігін баса айтты.
 
Биыл даярлық қала бойынша даярлық сыныптарына барған бала саны 362-ні құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 330 болған. 1-сыныптағы оқушы саны – 545. Қала бойынша жалпы оқушы саны – 4180. Бұл өткен жылғыдан 217 балаға артық. Бала саны жыл өткен сайын артып келе жатса да қала мектептерінің жобалық қуаты жеткілікті әрі материалдық-техникалық мүмкіндігі талаптарға сай. Барлық оқушы оқулықтармен толық қамтылды. «Мектепке жол» акциясы аясында 3 млн. 400 мың теңге көлеміндегі қаржыға 401 бала мектепке дайындалды.