Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жан-жақты жаңарудың жаңа кезеңі

Жаңалықтар

Жан-жақты жаңарудың жаңа кезеңі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.09.2019
Оқылды: 20 Печать страницы
Жан-жақты жаңарудың жаңа кезеңі
Жан-жақты жаңарудың жаңа кезеңі
 
4 қыркүйекте қалалық әкімдіктің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жан-жақты талқылау, Жолдау жүктейтін міндеттерді саралау бойынша қала әктивінің жиналысы өтті.
 
Жиналысқа кәсіпорын басшылары, қалалық мәслихаттың депутаттары, құқық қорғау органдары, саяси партия, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы Жолдау жүктейтін міндеттер бойынша баяндама жасады.
 
«Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» және «Халық үніне құлақ асатан мемлекет» арқылы ел тұрақтылығы мен дамуын алға жылжытуды мақсат тұтқан Жолдауда таяу болашағымыздың беталысы мен қадамдары нақтыланды. Ең бастысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған қазақстандық дамудың жолы жалғасын тауып, ырысты ынтымағымызды сақтап, экономикамызды өркендетуге, халқымыздың әлеуметтік әлеуетін арттыруға күш салынатындығы атап көрсетілді. Жаңадан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңе-сіның жұмысына басымдық бері-летіні айтылды. Бұл билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, бірлесе алға жыл-жуымызға жол ашары сөзсіз.
 
Жолдауда халық үнін тыңдып, бұқарамен кері байланысқа мән берілді. Осы тұрғыда елдегі бастауыш партия «Nur Otan» көпірлік рөл атқарады, елмен етене, қоян-қолтық жұмыс жасайды. Бұл партияның халықтық сипатын одан әрі нақтылай түсетін болады. Елімізде алдағы уақытта да қоғамдық келісімге, этникалық татулықты сақтауға, өзара түсіністік пен бауырластық қарым-қатынасқа маңыз беріледі. Бұл туралы Президент: «Ел бірлігі – оның әралуандылығында», деп мемлекетіміздің тарихи қалыптасқан келбетін әдемі айшықтады. Мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының рөлін арт-тыруға, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға күш салынуы керектігін ескертті. Демек, ендігі жауапкершілік өзімізде. Бәрін өзімізден бастауымыз керек. Президент рухани өзекке де баса назар аударып, келесі жылы аталып өтетін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының мән-маңызын алға шығырып, осы арқылы ұлттық болмысымызға ден қоюдың жаңа кезеңі басталғанын меңзеді.
 
Қ.Тоқаев Жолдауда ел экономикасын дамытуға баса назар аударылатынын, ұлттық өркендеудің қозғаушы, алға сүйреуші күші – кәсіпкерлікті дамытып, шикі-зат сатудан бас тартып, барлық табиғи өнімдерді барынша өңдеп, адамдар тікелей тұтынатын дайын тауарға айналдыруға күш салынатынын атап айтты. Осыған орай шағын, отбасылық кәсіпті 3 жылға дейін салықтан босату, тексеруге мораторий қоюды тапсырып, кәсіпкерлерді заң аясында адал еңбек етуге шақырды. Бұл – бизнеске үлкен қолдау және зор мүмкіндік.
 
Мемлекет басшысы ұстаз мәртебесін көтеру, мәдениет пен өнерді қолдау, денсаулық саласын заман талабына сай дамыту, әлеуметтік қорғау тетіктерін жетілдіру бағытындағы қолға алынған барлық бастамалар жүйелі түрде жалғасын табатынын, басталған жо-балардың нәтижесіне маңыз берілетіндігін шегелеп айтты.
 
Жолдау жолдарын жан-жақты саралаған С.Болысбайұлы алдымызға қойылған маңызды міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру бойынша ар саланың басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді. Қала тұрғындарын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қаламыздың дамуы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.