Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Қайырымды іс біріктіреді

Жаңалықтар

Қайырымды іс біріктіреді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 21.08.2019
Оқылды: 27 Печать страницы
Қайырымды іс біріктіреді
Қайырымды іс біріктіреді
 
Қалалық Керімбек би атындағы мешіт, республикалық «Зекет» қорының қалалалық өкілдігі және «Шапағат» қоғамдық қоры бірлесіп Құрбан айттың үшінші күні мешітте көп балалы аналарға, көмекке мұқтаж отбасыларына арнап мерекелік дастарқан жайды.
 
Қайырымдылық шарасына қала әкімі Бахтияр Өнербаев қатысып ізгі тілегін жеткізді. «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев:
 
«Құрбан айтта мұсылмандар құрбан шалумен шектел-мейді, барлық игі жақсылықтарды жасауға құлшынады. 
 
Әсіресе, ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан ұлттық болмысымыз жарқырай түседі. 
 
Халқымыз ежелден үлкенді сыйлап, кішіні аялауға мән берген.
 
Жетімін де, жесірін де жылатпаған. «Көрші қақы сы – тәңір қақысы» деп барын, қуанышын көппен бөліскен. 
 
Құрбан айтта осы ізгі дәстүрлер өріс алып, қайырымды істер молынан атқарылады. Көп балалы, аз қамтыл-ған отбасыларына арнал-ған мерекелік дастарқан соның бір белгісі. 
 
Бүгінде қала өсіп келеді. Қала әкімі Б.Өнербаев бастап, мұсылман қауым қостап, қалада жаңа мешіт салу ісін қолға алдыңыздар. 
 
Бұл – рухани игілік. Істеріңіз ілгері болсын!», – деп ағынан жарылды.
 
Дастарқан басында көпшілік емен-жарқын әңгіме құрып, берекелі өмірге шүкіршілік айтты. 
 
Соңында құрбандық еті таратылды.