Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жақсы әдет жетістікке жетелейді

Жаңалықтар

Жақсы әдет жетістікке жетелейді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.08.2019
Оқылды: 30 Печать страницы
Жақсы әдет жетістікке жетелейді
 
Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Жетісу желаяғы» атты марафонда жерлесіміз, 48386 әскери бөлімінің аға маманы, аға барлаушы Бауыржан Сағатбеков үшінші орынды иеленді.
 
Бауыржан Нұржанұлы бала күнінен салауатты өмір салтын ұстанып өсті. Спортқа, соның ішінде жекпе-жеке қызықты. Мектепте жүргенде түрлі спорттық жаттығуларға қатысып, дене қуатын шыңдады. Темекі тарту, ішімдікке әуестену секілді жаман әдеттерден бойын аулақ ұстады, діні мен діліне адал болды. Міне, соның арқасында денесі шымыр да, мығым, мінезі кішіпейіл болып жетілді.
 
Ол бүгінде жекпе-жек спортында жемісті жетістіктерімен көзге түсіп жүр. Бос уақытында түрлі спорттық жаттығуларды тұрақты түрде жалғастырып келе жатқан Бауыржан ұзаққа жүгіру жарысынан да жақсы нәтиже көрсетіп, арнайы кубок, диплом жән ақшалай сыйлықпен марапатталды.