Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Құрылыс қарқынды жүргізілуде

Жаңалықтар

Құрылыс қарқынды жүргізілуде

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.08.2019
Оқылды: 64 Печать страницы
Құрылыс қарқынды жүргізілуде
Құрылыс қарқынды жүргізілуде
 
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылған іргелі жоба «Метталлург» шағын ауданындағы негізгі жылу жүйесін жаңалау бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
 
2018 жылы басталған аталған жобаның «Металлург» шағын-ауданына дейінгі жер бетіндегі жылу жүйелерінің 1,8 км бөлігін жаңалау жұмыстары өткен жылы аяқталған. Айта кетерлігі, іргелі кәсіпорын «ТКҚӨК» ЖШС бүгінде қажетті барлық жылу энергиясын өзі өндіріп отырғандықтан, бос шығынның алдын алу, сондай-ақ, құбыр ішіндегі қысымды арттырып, шағын-аудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылудың толық көлемде жетуін қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы диаметрі 530 мм-лік құбырлардың орнына 273 мм-лігі ауыстырыды.
 
Құрылысты міндетіне алған «СМР» ЖШС жұмысшылары қазір Сәтбаев көшесінің бойындағы жер асты құбырларын ауыстыруда. Аталған көше, сондай-ақ, шағынаудандағы негізгі қатынас жолы болғандықтан, жүріп-тұруға ыңғайсыздықтар туындауы заңды. Дегенмен де, тұрғындардың түсіністікпен қарауы, әсіресе, балалардың қауіпсіздігін қадағалап отыруы маңызды.
 
Мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуы мен атқарылған жұмыстардың сапалы орындалуы әрі жылыту маусымына дейін пайдалануға берілуі қадағалануда.