Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Құрбан айт – игілік пен мейірімділік мерекесі

Жаңалықтар

Құрбан айт – игілік пен мейірімділік мерекесі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.08.2019
Оқылды: 18 Печать страницы
Құрбан айт – игілік пен мейірімділік мерекесі
Құрбан айт – игілік пен мейірімділік мерекесі
 
Құрметті Текелі қаласының тұрғындары сіздерді мұсылман қауымының игілік пен мейірімділік мерекесі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Биылғы айт намазы тамыз айының 11 жұлдызы сағат таңғы 7:00-де Текелі қаласы Керімбек би мешітінде оқылады. Ұлық мерекеге аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын.
 
Жаратушымыз нәсіп еткен екі мейрамның бірі – Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла Тағала разылығы үшін құрбан шалып, мол дастарқан жайылып, жас сәбиден еңкейген кәріге дейін қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам елімізге ынтымақ пен береке жерімізге ырыс, байлық дарытсын.
 
Құрбан айттың артықшылығы – адам баласы Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Құрбан сөзі араб тілінде «жақын бол», «жақындау» дегенді білдіреді. Құрбан айтты тек құрбан шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне жетудің бір жолы деп түсінген абзал.
 
Құрбан айт мейрамы арқылы халық арасындағы бірлік күшейіп, бауырластық артады. Айт күні намазға келген мұсылман-дар бір-бірімен жүздесіп, бір-біріне Алланың игілігі мен сәлемін, жақсы лебіздерін білдіріп жатады. Бұл күнде жасалатын жақсы амал ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, қош иіссу сеуіп, көшеде әрбір жолық-қан мұсылман адамға ашық жүзбен сәлемдесу, құрбандық етімен ауыз ашу үшін айт намазының алдында ештеңе жемей, оған бара жатқанда тәбір айтып бару – Мұхаммед пайғам-барымыздың (с.а.у.) сүннеті болып табылады.
 
Бір ескере кететін жайт, қар-жылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес. Құрбан шалудың уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Олай болмаған жағдайда ол ниет садақа саналады. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен науқас жандарға таратылады. Алланың разылығы үшін құрбан шалу – пенденің иманын күшейтіп, тақуалығын арттырады.
 
Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған. Осы Ұлық мереке аясында барша мұсылман қауымын, кәсіпкерлерді, азаматтарды мүгедектерге, жетімдер мен жесірлерге, әсіресе қараушысынан айырылған жандарға қайырымдылық жасауға шақырамын.
 
Алла баршамыздың ізгі амалдарымызбен шалған құрбан, жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етсін! Отбасыларыңызға амандық, ашық аспан, жұмыстарыңызға береке берсін, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік мақсатымыз асыл болсын, қуанышты күндеріміз көп болсын, айттан айтқа жете берейік!
 
Аман Айтбосынұлы, Текелі қаласы Керімбек би мешітінің бас имамы