Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ұранға сенбе Құранға сен

Жаңалықтар

Ұранға сенбе Құранға сен

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.08.2019
Оқылды: 22 Печать страницы
Ұранға сенбе Құранға сен
Ұранға сенбе Құранға сен
 
Діни сенімдері мен дәстүр-салты әртүрлі болса да, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері қоғамдық тұрақтылық пен келісімді берік ұстанып келеді.
 
Адамдарды дәстүрлі адамгершілік құндылықтар төңірегінде топтастыру, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі саналатын толерант-тылық және рухани келісім идеяларына насихаттау мақсатында 29 шілдеде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Текелі қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шапағат» арнаулы-әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Діни толеранттылық: кеше және бүгін» тақырыбында кездесу өткізілді.
 
Шараға Текелі қаласы бойынша дін істері инспекторы М.Мухамет, жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Адильбекова, психологы У.Андас-баева қатысты.
 
Кез келген діннің көздейтіні ең алдымен, бір Құдайды сүю, жақыныңа жақсылық жасау, елді бейбітшілікте, татулықта өмір сүруге насихаттау. Дін ұлтына, ұлысына қарамайды, адамдардың сенімі мен көзқарасын білдіреді.
 
Діни ұстанымдар әртүрлі болғанымен бір Жаратушының құдіретіне бас иеді, демек, діндер бір-бірін жоққа шығарушы емес. Діндегі толеранттылықтың негізі адамдардың Жарату-шыға деген сенімінде жатыр.
 
Кездесуде осы түйіндер қаузалып, еліміздегі діни жағдай мен этносаралық татулық, діни толеранттылықтың қа-зақстандық үлгісі туралы сөз етілді. Әлемдік жағдай күрделеніп отырған бүгінде тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына мән берілді. Сондай-ақ, қатысушыларға арнайы дайындалған кітапшалар мен үнпарақтар таратылды.