Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем

Жаңалықтар

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.08.2019
Оқылды: 44 Печать страницы
Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем
Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем
 
Осы аптада қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен жастар ресурстық орталынғының өкілдері халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерді, әлеуметтік орындарды аралап, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма тарапынан дайындалған үнпарақтарды таратты.
 
Еске сала кетсек, маусым айында басталған «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жалғасуда. Халқымыздың, тәуелсіз мемлекетіміздің негізі болып табылатын тілімізге құрметпен қарау, тіл тазалығын сақтау бойынша мемлекеттің заңдарын орындау баршамыздың азаматтық жауапкершілігіміз. Осы мақсаттағы акцияға қаламыздағы белсенді жастар да үн қосты.
 
Ономастикалық атаулардан бастап, барлық көрнекі ақпараттар өңірдің өзіндік ерек-шеліктерін аңғартып тұратын рухани құндылықтарымыздың аса маңызды детальдары болып табылады. 
 
Себебі байырғы жер, су, елді мекен атаулары тарихымыздан, халқымыздың ұлттық болмысынан тамыр тартып жатыр. Сол секілді, түсіндіру, айқындау мақсатындағы әртүрлі көрнекі ақпараттарда халыққа қажетті мағлұматтар беріледі.
 
Сондықтан, барлық көрнекі ақпараттардың ҚР «Тіл туралы» және «Жарна-ма туралы» заңдарының талаптарына сай дұрыс әрі ұнасымды етіп жазылуы және лайықты жерге орналастырылуы мемлекеттік тіліміздің абырой-беделін, сондай-ақ, аза-маттарымыздың тілімізге деген құрметі мен жауапкершілігін айқындайды.
 
Бұл тұрғыда мемлекеттік мекемелер халыққа қажетті ақпараттарды заң талаптары бойынша жазып, үлгілік рөл атқаруы, атап айт-қанда, мәтіндердің дұрыс әрі тіліміздің қалыптасқан грам-матикалық заңдылықтарына сай, халыққа түсінікті етіп жазылуына мән беруі тиіс. 
 
Әдетте, ақпараттардың әуелгі нұсқасы орыс тілінде дайындалып, оны мемлекеттік тілге аудару кезінде кемшіліктерге жол беріледі. Сөйтіп орыс тіліндегі түсінікті дүниелер мемлекеттік тілде оқуға ауыр, ойға олақ болып шыға келеді. Мұны тіліміздің абыройына нұқсан келтіретін мәселе ретінде қарап, барынша ыждаһатты болуымыз, өз ісімізді өз тілімізде тап-тұйнақтай етіп, халықтың көкейіне қондыра білуіміз керек.
 
Бүгінгі әлемдік дамудың қарқынды үдерісі өмірімізді тоқтаусыз өзгертуде және қоғамның барлық саласын қамтыған жаңалықтарға адамдардың тездеп бейімделуі тіршілік талабы болып қалыптасуда. Қазір қызмет көрсету саласындағы бұрынғы дағдылар түбегейлі жаңғыртылуда. Міне, осы өзгерістердің барлығын, сонымен бірге, мемлекеттік қызметтердің жаңартылған түрлерін алудың барысын қарапайым халыққа түсінікті етіп жеткізуде де көрне-кілік ақпарат құралдарының маңызы өте зор.
 
Сондықтан, «Тіл туралы заңының» 21-бабында блан-кілер, маңдайшалықтар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпараттар, сондай-ақ, елімізде өндірілген тауарлардың арнайы мәліметтері көрсетілген тауарлық жапсырмалары, нұс-қаулықтары мемлекеттік және орыс тілінде, сөз, сөйлемдер мен мәтіндер ретімен, мемле-кеттік тілде – сол жағына немесе жоғары, орыс тілінде – оң немесе төменгі жағына бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады деп көрсетілген.
 
Осы заң талаптарының орындалуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабында ҚР тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 5, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, ірі кәсіп-орындарға – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады деп белгіленген.
 
Бұл – көрнекі ақпараттардың сауатты жазылуын қамтамасыз етудің заңдық тетіктері. Оны саналы түрде атқару – міндет.
 
Біз ұзақ тарихы, бай мәдениеті бар тәуелсіз елдің азаматымыз. Тіліміздің бейнелеу қуаты күшті, сөздік қоры мол, ғылыми негізі берік, кез келген құбылысты айнытпай жеткізуге қауқарлы.
 
Ендеше, елдігіміздің ерекше бір белгісі болып табылатын ана тіліміздің, мемлекеттік тіліміздің өзімізбен бірге өсіп-өркендеуіне мүдделі болуымыз керек.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ