Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » ТАРИХЫМА ЖАЗЫЛҒАН ЖАДЫНМА – ҚАЗЫНАМ

Жаңалықтар

ТАРИХЫМА ЖАЗЫЛҒАН ЖАДЫНМА – ҚАЗЫНАМ

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.08.2019
Оқылды: 22 Печать страницы
ТАРИХЫМА ЖАЗЫЛҒАН ЖАДЫНМА – ҚАЗЫНАМ
ТАРИХЫМА ЖАЗЫЛҒАН ЖАДЫНМА – ҚАЗЫНАМ
 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 23-24 шілде күндері қалалық балалар мен жасөспірімдер туристік және өлкетану орталығының 43 оқушысы

NOMAD Этноорталығына 2 күндік экскурсия жасады. Бұл – Алатаудың Үшқоңыр бөктерінде ашық аспан астында орналасқан бірегей тарихи-этнографиялық кешен.
 
Оны құрудың негізіне Ұлы даланың иесі қазақ халқының бастаулары болып табылатын сақ, үйсін, қаңлы, түркілердің көп ғасырлық дәстүрлері, мәдениеті және тұрмыс салттары насихатталады. Мұнда әркім түкті және тақыр кілемдерді тоқу, киіз басу, қазақтың дәстүрлі тағамдарын дайындауға қатыса алады.
 
Этноорталықтың кез келген бөлшегі барлық келушілерге ежелгі көшпенділердің көркем әлеміне еніп, тек куәгер ғана емес, сонымен бірге, эпикалық шай-қастардың және әдет-ғұрыптардың қатысушылары болуға, көшпелі өркениеттің материалдық және рухани мұрасымен танысуға, танымдарын кеңейтіп, тәлім-тәрбие алуға үлкен мүмкіндік береді.