Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Кәсіпкерліктің өрісін кеңейту – өзекті

Жаңалықтар

Кәсіпкерліктің өрісін кеңейту – өзекті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.06.2019
Оқылды: 14 Печать страницы
Кәсіпкерліктің өрісін кеңейту – өзекті
Кәсіпкерліктің өрісін кеңейту – өзекті
 
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалында «Бастау» бизнес жобасы бойынша бір айлық курсты бітірген 27 адам сертификат иеленді.
 
Аталған жоба өткен жылы басталған. Бүгінде мемлекетіміз өз азаматтарын бизнеске икемдеуде жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
 
Әсіресе, жаңадан кәсіп ашқысы келетіндерді, алдымен жүйелі түрде кәсіпкерлік негіздері бойынша тегін оқытуға маңыз беріп отыр.
 
Себебі, бизнес үшін қаржы түпкілікті фактор емес.
 
Ең бастысы, нарық заңдарын, кәсіпкерлікке қажетті білімдерді меңгеру және оны пайдалана білу өзекті. Міне, осы мақсатта қолға алынған «Бастау» бизнес жобасына азаматтар тарапынан да қызығушылық арта түскені байқалады.
 
Бизнес негіздері бойынша сабақты Кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының бизнес-тренері Жандос Супабеков өткізді.
 
Оның айтуынша, мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған 6 пайыздық жеңілдетілген несиелері аталған курс сертификатын алғандарды негіз етіп беріледі, сонымен бірге, банктер талап ететін кепілдікке де осы мақсатта жұмыс істейтін арнайы тетіктер арқылы көмек көрсетіледі.
 
Палатаның қалалық филиалы директоры Т.Жұмаділов курс бітірушілерін құттықтап, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.
 
Көпшілік орталық саябақтағы кәсіпкерлер аллея-сында болып, қаламыздағы барлық бизнес өкілдерінің үнемі бас қосып, өзара тәжірибе алмасу, ортақ мақсатқа бір кісідей жұмылу, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін бірлесе атқару, кейінгі толқынды нарыққа ынталандыру тұрғысынан өзіндік мәнге ие аллеяның қала кәсіпкерлерінің игі идеяларының нышанына айналатына сенім білдіріп, бірлесе жұмыс атқаратындарын жеткізді.