Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Иман

Жаңалықтар

Иман

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.06.2019
Оқылды: 13 Печать страницы
Иман
 
Өтірікке жуымасаң ешқашан,
Такаппарлық табылмайды бойыңнан.
Сақтай білсең сабырлықты әрқашан,
Кетпейді тек жақсылық бар ойыңнан.
Сезсең егер Алланың шын хикметін,
Сауап істер қыла бергін, мойыман.
Нәпсі деген арсыз дұшпан,
Қалмай қойса соңыңнан.
Мешітке бар, бет бұрғайсың иманға,
Келеді ол мына сенің қолыңнан.
«Өлімнен де ұят күшті» деген сөз бар қазақта,
Жасай көрме ұят тірлік адаспашы жолыңнан.
Өсек айтып біреулерді кемсітіп,
Ғайбаттама өзге жанның сыртынан.
Сүргің келсе салиқалы тәтті өмір,
Бастау алмақ мұның бәрі иманнан.
 
Құрбы
 
Құрбы деген кім өзі, айтыңдаршы?
Құпияңды сақтайтын,
Бетіңнен еш қақпайтын.
Қиналғанда жаныңды,
Қанат бітіріп баптайтын.
Сатқындыққа бармайтын,
Жанжал болса арада,
Сыр сақтайтын, айтпайтын.
Өзгелердің көзінше,
Сені мақтап, жақтайтын.
Оңаша қалған кезіңде,
Бетіңе айтып тастайтын.
Сен қалаған нәрсеңді,
Талғамға сай таңдайтын.
Мақсатыңа жетер сәттерде,
Қолдап сені жандайтын.
Қандай жағдай болса да,
Жаныңнан кетіп қалмайтын.
Құрбы деген осы ғой
Армайтын!
 
Өмір
 
Тығырыққа тіреліп қалған сәттерде,
Шешімін іздеп шарлайсың.
Тетігін іздеп, амал таппай кеткенде,
Жолым болмады деп қорлайсың.
Өртеніп кеуде, қалғысы келіп оңаша,
Үнсіз қалып ауырып жаның жылайсың.
Ешкім жоқ ұғар сені жалғанда,
Еңсеңді ұстап тік,
Әрдайым мықты болғайсың!
 
Гүлжазира Орденбек, №2 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
 
Жас ақындардың қалалық жыр мүшәйрасының 3 орын иегері