Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жанды жадыратқан жомарттық

Жаңалықтар

Жанды жадыратқан жомарттық

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.06.2019
Оқылды: 17 Печать страницы
Жанды жадыратқан жомарттық
Жанды жадыратқан жомарттық
 
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қаламызда тағы бір көпбалалы отбасы баспаналы болды. «Эва Люкс» ЖШС жетекшісі Эйхвальд Валерий

Иосифович және аты-жөнін құпия қалдыруды жөн көрген тағы бір жомарт азамат көпбалалы ана Мақпал Күздікбаеваға 3 бөлмелі үй сатып алып берді.
 
Балалар мерекесінде қуанышқа кенелген көпбалалы отбасын құттықтаған қала әкімі Бахтияр Өнербаев Елбасының тапсырмасына сай қолға алынған жаңа әлеуметтік бағдарламаға белсенді атсалысып, өз қаражаттарымен бала-лардың болашағына игі қолдау көрсеткен жомарт жандарға ризашылығын жеткізді. 
 
Анасымен бірге жақсы күнге деген сенімдерін жоғалтпай, кездес-кен қиыншылықтарды бірлесе жеңіп, осынау игілікке сарқылмай, алтындай жарқырап жеткен балаларды маңдайынан сипап, «Жақсы оқып, ел үмітін ақтайтын азамат болып өсіңдер»,– деген ағалық ақ батасын берді.
 
Халқымыз «Ел іші – алтын бесік» деп бекер айтпаған ғой. Қанша жылғы үйсіздіктің жанға бат-қан қиындығын бірден сейілткен ізігі жомарттық, ең алдымен, балаларды мәз-мейрам етті. Бөлмелері жарық та еңселі үйдің жаздық кілеті, қоймалары, сондай-ақ, қосалқы жері де бар. Үйдің бұрынғы иесі ауланы гүлге толтырып, тіпті, көкөніс, картоп та егіп қойыпты. 
 
Жадыраған ананың жүзі, көптің көл-көсір көңілі отбасындағы бес баланың төбесін көкке жеткізгендей – жалт-жұлт еткен жанарларынан кіршіксіз балалықтың риясыз жан сарайы есіктерін айқара ашып, балғын болмысын байқатады. 
 
Бал-бұл жанған жүздерінен жұдырықтай жүректерін дүрсілдете соқтырған тәтті арман, үкілі үміт, сергек сенімнің алға ұмты-лысы, бұлқынысы менмұндалайды. 
 
Тынысты бөлмелерінен жан жылуы, саялы ауласынан еңбек жемісінің тәтті иісі аңқыған еңселі үймен жарасым таба кеткен балалардың, қарасаң қарай бергің келетін, осынау әдемі әлемі қуанышқа ортақтаса келген көпшіліктің де жүрек қылын тербегендей:
 
«Балалар, елдің де, мынау байтақ жердің де ертеңгі иесі сендерсіңдер. Мемелекет те, еңсесін тіктеген елдің азаматтары да сендердің бақытты болғандарыңды қалайды. Қиыншылық өтпелі, ал, адамгершілік асыл қасиет, Отанға, елге деген перзенттік сүйіспеншілік, ғылым мен білім мәңгілік! Болашақтарың баянды болсын!», – деп көлдей көңілдерін білдірді.
 
Ақан Ырымжанұлы