Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел болашағы

Жаңалықтар

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел болашағы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.06.2019
Оқылды: 13 Печать страницы
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел болашағы
Біз – болашақ жастары
 
Менің елім – Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.
 
Қазақ қашан да бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Аттың жалы, түйенің қомында көшпелі тірлік кешсе де, «Балам – балым, баламның баласы – жаным» деп оның тәтті қылықтарына тамсанған. Қыз баласын ұлмен тең санап, «әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп қыз тәрбиесін анасына, ұлды әкесіне табыстаған.
 
Ру таңбасын көрсетіп, «Жеті атасын білген жетелі» деп жеті атасын жаттат-қызған. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпақ. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлт-жанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар, өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге, әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті.
 
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің ны-ғайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,– дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де біздер.
Туған жердің қадірін түсінуді өз басым ата-анамнан, теледидардағы отандық фильмдерден көріп, сезіне бастадым.
 
Жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңі, еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматпыз. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатының артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу басты борышымыз деп санау керек.
 
Бұл ғасыр – білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін біз – жас ұрпақ білімді болуымыз шарт. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан, біздің алдымызда үлкен жауапкершілік тұр.
 
Қазіргі уақытта мен өмірімнің шамшырағы болатын білім алу жолындамын. 9 сынып оқу-шысы бола тұрып, арман тілектерімді мақсат ете отырып өз мүмкіндіктерімді іске асырып, қаламның көркеюіне, шырайлы жерімнің жарқын болашағына өз үлесімді қосқым келеді. Өмірлік мақсат-мұраттарыма қол жеткізу жолында туған жерімнен алыс кететін сәттерім де алыс емес екенін білемін. Мұқағали Мақа-таевтың мына бір өлең жолдары есіме оралады:
 
Момын елдің,
Арқа сүйер,
Азаматы біз едік,
Жеке-жеке бақыт іздеп,
Жеке өмір түзедік,
Жетер енді!..
Туған жердің
топырағына тізе бүк!
 
Елімнің дамып өркендеуі жолында аянбай еңбек ету – менің азаматтық парызым деп білемін. Менің ойымша, дүние есігін ашқаннан кейін біздің өмірдегі басты міндетіміз – туған елге, жерге деген сүйіс-пеншілік танытып, барынша адал қызмет ету.
 
Атам қазақ «Елдің даңқын ері шығарады, ердің даңқын елі шығарады» деп бекер айтпаған. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қоссам деп ойлаймын.
 
Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадымызда сақтайтын біздер Президентіміз бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басайық.
 
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан. Сондықтан, ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілін сүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл-парасаты мол азамат болып өсейік!
 
Аязбай Ұшыға, Текелі қаласының №8 орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы
 
Алматы облыстық «Біз – болашақ жастары» эссе байқауының 3 орын иегері