Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ана тілдің айбыны

Жаңалықтар

Ана тілдің айбыны

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 27.05.2019
Оқылды: 59 Печать страницы
Ана тілдің айбыны
Ана тілдің айбыны
 
«Мақал сөздің мәйегі» облыстық байқауында №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Тоқанова 2-орынды иеленіп, арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
 
Қаскелең қаласында өткен байқауға облысымыздың жер-жерінен іріктелген 20 мақалшы қатысты.
 
Жеребеде жасырылған тақырыпқа сай мақал-мәтел айту, тек шарты айтылған мақал-мәтелдерді аяқтау, мақал не шешендік сөздердің мағынасын тарқату, экранда көрсе-тілген суреттерге сәйкес мақал-мәтел айту сияқты 5 кезеңнен сүрінбей өткен біздің Аружан қазылар алқасының жақсы бағасына ие болды.
 
Жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлназ Раисова да жетекшілер арасында өткен мәйекті сөз жарысында көзге түсіп, алғыс алды.
 
Айта кетерлігі, Гүлназдың тағы бір шәкірті Ербол Мағза жақында Талдықорған қалалық №13 мектеп-гимназиясында өткен облыстық Абай-Шәкәрім оқуларында 3-орынды иеленіп, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталыды.