Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ырыс – ынтымақта, кемелділік – келісімде

Жаңалықтар

Ырыс – ынтымақта, кемелділік – келісімде

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.05.2019
Оқылды: 31 Печать страницы
Ырыс – ынтымақта, кемелділік – келісімде
 
Тілегі бір, мақсат-мұраты ортақ қазақстандықтар бірлік пен берекені өзек етіп, тарихтың қиын кезеңдерін еңсеріп, бүгінде ынтымағы жарасқан, қарқынды дамушы елге айналды.
 
Алатау баурайынан бой созған тау қаласы Текеліні мекен еткен түрлі ұлттың өкілдері де қазақ халқымен бірге ершімді еңбек етіп, ортақ дамуға өз үлестерін қосуда. Қай кезде де бөлінбес тұтастықты, ауызбіршіліктіту еткен қала тұрғын-дарының ертеңге деген сенімі берік. Міне, осы сенім төңірегінде күш біріктірген текеліліктер 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін көтеріңкі көңіл-күймен тойлады.
 
Мәдениет үйінде өткен салтанатқа жиналған текеліліктер бір-бірімен жылы жүздесіп, берекелі, бейбіт өміріміздің баянды болуын тілесті. Қазақ, орыс, кәріс, татар, башқұрт, өзбек, украин демей, бір атаның баласындай шүйіркелесіп, емен-жарқын қауқыл-дасқан көпшілікті айтулы мерекемен құттықтаған қала әкімі Бахтияр Өнербаев: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» демекші, ұлт тұтастығы мен тұрақтылықты өз ұстанымына айналдырып, өзара түсіністік пен сыйластықты басты құндылығымыз деп білетін халқымыз үшін бұл ерекше мейрам.
 
Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан біздің мемлекетімізде этоносаралық татулықтың арқасында экономикамыз нығайып, әлеуетіміз артып отыр. Текеліде тұратын 18-ден астам этнос өкілдері де ынтымақты ырысқа ұластырып, ел өркендеуіне өзіндік үлес қосып келеді. «Ұлттық біртектілік дегеніміз – бір мақсатқа жұмылу, бір мүддеге тоғысу». 
 
Бүкіл халық бірлескенде ғана сенімді қадамдармен ұлы идеяларды іске асыра аламыз»,– дей келіп, күні кеше Елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Ұлт көшбасышысы Н.Назарбаевтың жаны мен арманы бір арнада тоғысқан ел халқын жұдырықтай жұмылып, болашақтың таңдауын бірге жасауға үндегенін атап өтті. Еліміздің жарқын болашағы үшін Елбасы салып берген қазақстандық даму жолының тарихи маңызын алға тартып, қала халқын береке-бірлікпен игілігімізді еселей беруге шақырды. 
 
Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жастар жылына орай өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты көрке-мөнер фестивалінің дәстүрлі жанр бойынша жеңімпазы №5, вокалдық жанр бойынша жеңімпазы кәсіптік колледж, конферанс және оригиналдық жанрда жеңімпаз атанған №6, аспаптық және хореографиялық жанрда жеңімпаз №4, фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған №8 орта мектебінің ұжымын арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
 
Қалалық мәслихат хатшысы Николай Калиновский бірлік күнінің халқымыздың өміріндегі маңызына тоқталып, берекелі, мерекелі тірлігіміздің баянды болуына деген ізгі тілегін жеткізді.
 
Түрлі этностардың ұлттық киімін киіп, халықтық билерін бірге билеген мектеп оқушылары бірлік мерекесінің мәні мен маңызын айшықтап, салтанатты жиынға сән қосты. Сахнада ән шырқаған әншілер де, көктемгі гүлдей жайнаған бишілер де тонның ішкі байындай ынтымақ пен жарасымды бірлікті әспеттеп, көпшілікке жақсы әсер сыйлады.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰ