Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Теңдік жауапкершілікте

Жаңалықтар

Теңдік жауапкершілікте

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.05.2019
Оқылды: 49 Печать страницы
Теңдік жауапкершілікте
 
Гендерлік саясат жөнінде адамдардың түсінігі бірдей емес, оған жан-жақты қарау қажет. Яғни, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, міне, осындай мәселелерді құқықтық негізде шешу гендерлік саясатты қалыптастырады.
 
Елбасымыздың Жарлығына сай ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестіру қарастырылып отыр.
 
Гендер (ағылш. gender) – қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік талғам.
 
Гендер биологиялық айырмашылыққа емес, қоғамның әлеуметтік ұйымына бағынышты ерлер мын әйелдер қызметінің теңдігін белгілейді.
 
Қалыптасқан дағды, орныққан дәстүрге сай отбасының тізгіні ер адамның жауапкершілігіне жүктеледі. 
 
Ерлер – отбасын басқарушы, сонымен бірге, әйел мен баланың панасы, қамқоршысы. 
 
Міне, осы міндет дөрекілікке, зорлықты күшке айналып кетпеуі керек. 
 
Қатпары қалың, күрделі қоғамда әйелдер мен балалардың бәрі бірдей құқын біліп, оны қорғай бермейді де. 
 
Кейде зорлық-зомбылықтың құрбаны болатыны да содан.
 
Әдетте, әйел адамның туабітісі нәзіктікке бейім. 
 
Бұл ер азаматтардың отбасындағы, қоғамдағы рөлін айқындай түседі. 
 
Ерлер әйел арқылы құрылатын отбасындағы қарым-қатынаста осы заңдылыққа назар аударады және отбасындағы жауапкершілікті саналы түрде өз мойнына алуға дайын.
 
Алайда, адамның бәрі бірдей емес. Гендерлік саясат осы теңсіздікті реттеуге қызмет етеді.
 
Бұл – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. 
 
Әйел құқығы – адам құқығы. 
 
Ол әйелдердің әлеуметтік, экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси мәртебесін белгілейді.
 
Б.Мадыбекова, Текелі қалалық сотының кеңсе меңгерушісі