Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Шыныққан шыңға шығады

Жаңалықтар

Шыныққан шыңға шығады

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.05.2019
Оқылды: 53 Печать страницы
Шыныққан шыңға шығады
Шыныққан шыңға шығады
 
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен «Ұлт рухы» атты спорт фестивалінде қала тұрғындары Дінмұхамед Қонаев атындағы көшені бойлап, 10 және 3 шақырымдық жүргіруге қатысты.
 
Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындарының демалысын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ, Д.Қонаев атындағы көшенің еліміз бойынша ең ұзын көше екенін мақтанышпен сезіну және оны алыс-жақынға таныту мақсатында ұйымдастырылған фестивальде көпшілікті құттықтаған қала әкімі Бахтияр Өнербаев спорттың денсаулықты күшейтудегі рөліне маңыз берді. 
 
Қала тұрғындарын бұқарлық спортқа белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Әсіресе, қай-таланбас көркем табиғатпен жарасым таба өсіп-өркендеп келе жатқан қаламызды сүйе білу, ағаш егіп, ортаны жасылдандыру, әлеуметтік тазалыққа мән берудің қажеттілін ерекше атап, жастарды осы үдерісте белсенділік танытуға жігерлендірді, сондай-ақ, сіберлеп жауған жаңбырға қарамай спорттық шараға біркісідей атсалысқан қала тұрғындарына риза-шылығын жеткізіп, ұзаққа жүгіруге ерік-жігері жеткен азаматтарға жетістіктер тіледі.
 
Алдымен 10 шақырымға жүгіретіндер жарыс жолына шықты. Металлург шағынауданындағы көпір басынан басталған марафонның мәре сызығы қалаға кіреберісте тартылды. Жарыс бастала-ақ, қара озып алға шыққан Елнұр Абылайұлы сол екпінінен біржазбай мәрені бірінші болып кесті. 2-орынды Ақжол Жұмақанов, 3-орынды Камалжан Исаев еншіледі. Қыздардан оқ бойы озып келген Алина Брауэр де 10 шақырымды алқынбай бағындырды.
 
Қонаев көшесімен 3 шақырымға жүгіруден Нұржан Қасымғали топтан оза шауып, 1-орынды иеленсе, Ғазизбек Қоңыртаев – 2, Андрей Диппель 3-орынға табан тіреді. Қыздардан Ксения Берлизова алда келді. 2-орынды Аида Адайқызы, 3-орынды Елена Романова иеленді.
 
Спорттық шарада, сонымен бірге, жастар арасында гір тасын көтеруден, қол күресінен де жарыстар ұйымдастырылып, жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды. 16 келі гірді көтеруден Азиз Абақбаев алдына жан салмады. 2-орынға Қостөре Қонарбаев, 3-орынға Камалжан Исаев жайғасты. 24 келі гірді көтеруде 1-орын жүлдесін Рустам Жаакпеков қанжығасына байлады. Әлімбек Ынтымақ – 2, Болат Ахметов 3-орыннан көрінді. Қол күресінен жасөспірімдерден Мирас Сәрсенов, қыздардан Анастасия Шевелева 1-орын, Азиз Абақбаев, қыздардан Амина Абудулина 2-орын, Ерлан Ерланұлы, қыздардан Алина Маткерим – 3, ересектерден Әлімбек Ынтымақ – 1, Рустам Жаапеков – 2, Михаил Татаркин 3-орынды иеленді.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ