Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Ұлағат ұлттық тәрбиеде

Жаңалықтар

Ұлағат ұлттық тәрбиеде

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.05.2019
Оқылды: 26 Печать страницы
Ұлағат ұлттық тәрбиеде
Ұлағат ұлттық тәрбиеде
 
Текелі қалалық жастар ресурстық орталығы мен қалалық дін істері инспекторы бірлесіп ұйымдастырған «Жас ұрпақты жат ағымнан сақтайық» атты кездесуде жастардың жат діни ағымдарды сипатынан, сондай-ақ, осы бағыттағы адамдарды іс-әрекеті, келбеті, киім киісі, жүріс-тұрысынан байқай білудің қажеттілігіне маңыз берілді.
 
ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатындағы іс-шара-лар жоспары бойынша ұйымдастырылған кездесуге қала мектепте-рінің жоғары сынып оқушылары қатысты. 
 
Қала-лық дін істері инспекторы Мағжан Мұхамет арнайы дайындалған бейнероликтер мен слайттардан пайдаланып жастарға жат діни ағымдардың сипаты және осы бағыттағы адамдардың бойындағы, сөзі мен іс-әреке-тіндегі одағайлық туралы, атап айтқанда, иман-дылық адамның адал ниеті, ізгі іс-әрекетінен, бүкпесіз таза жан дүниесінен, адамгершілік қарымқатынасынан байқалаты-нын, ислам қағидаларымен жарасым тапқан ұлттық құндылықтарымыз бола тұра, басқа халықтардың, ұлттардың киім үлгісі мен дәстүрлерін өзімізге талғамсыз таңудың еш жөні жоқ екенін нақты мысалдармен түсіндірді. 
 
Ең бастысы, жат ағымдар тарихи қалыптасқан ұлттық құндылықтар мен халықтық ұстанымдарға селкеу түсіру арқылы қоғамда қай-шылықтар тудырып, өз мақсаттарын іске асыруға жағдай жасайды. 
 
Кездесуде осы түйінге баса мән берілді. 
 
Оқушылар тақы-рыпқа сай әңгіме өрбітіп, ойларын ортаға салды. Соңында дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы дайындаған үн-парақтар мен кітапшалар таратылды.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ