Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Тәжірибе алмасты

Жаңалықтар

Тәжірибе алмасты

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.05.2019
Оқылды: 50 Печать страницы
Тәжірибе алмасты
Тәжірибе алмасты
 
19 сәуір күні қалалық №8 орта мектебінің базасында үш тілде білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математикалық циклі педагогтарына арналған «Пән мен тілді кіріктіріп оқытудағы инновациялық әдістер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
 
Үш тілде білім беру бағдарламасы бойынша педагогтардың ағылшын тілін меңгеруіне ықпал ету, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өткен семинар-практикумға Талдықорған қаласы мен оған жақын орналасқан аудан қалалардан келген 80-ге тарта мұғалім қатысты. Аталған орталықтың бас маманы Жадыра Есімованың айтуынша, арнайы ағылшын тілін оқыту курстарынан өтіп, сертификат иеленген жаратылыс тану пәндері педагогтарының сабақты ағылшын тілінде жүргізуі оқушыларға жаңа сабақ мазмұндарын меңгертумен бірге ағылшын тілін тәжіри-

беде қолдануына мүмкіндіктер тудырады. Сондықтан, мұғалімдердің ағылшын тілінде өткізілген ашық сабақтарды тыңдап, жаңаша әдіс-тәсілдерді саралауы, бір-бірімен жәжірибе алмасып, тілдік білімін нығайтып отыруы бүгінгі күннің маңызды талабы.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ