Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Өмір сапасы – басым бағыт

Жаңалықтар

Өмір сапасы – басым бағыт

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.04.2019
Оқылды: 58 Печать страницы
Өмір сапасы – басым бағыт
Өмір сапасы – басым бағыт
 
Сейсенбіде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен келіп, қаламыздағы бірқатар маңызды нысандарды аралады.
 
Жұмыс тобы алдымен қалаға кіреберістегі газ реттеу пунктінде болды.
 
Еске сала кетсек, елді мекендерді газдандыру – Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың Жолдауында айтылған маңызды тапсырмалардың бірі. Қазіргі таңда қалаға газ жеткізілген. 
 
Енді оны шағынаудандарға рет-ретімен тарату ісі өзекті болып тұр. М.Жайымбетов газды тұрғын үйлер мен кәсіпорындарға жеткізу бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізетін «Ас-Тас-Invest» компаниясының басшыларын тыңдап, мәселелер бойынша нақты шешім қабылдау керектігін қадап айтты.
 
Одан әрі қаланы жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп келе жатқан «Текелі энерго-кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
 
М.Жайымбетов қаланың «Металлург» шағынауданының магистральды жылу желілерін қайта құру жұмыстарына да назар аударды. 
 
Жұмыстың жалпы барысымен таныстырған «Фирма СМР» ЖШС мердігерлік ұйымының атқарушы директоры А.Қадыров өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары биыл мерзімінде аяқта-латынын жеткізді.
 
Жұмыс сапарының қорытынды кезеңі қалалық жұмыспен қамту орталығында болды. 
 
Орталық директоры Кәмшат Жантекеева жұмыссыз азаматтарды тіркеу, құжаттарын реттеу және жұмысқа орналасуға жолдама беру бойынша қызметтердің барысын баяндады. 
 
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін орталықта М.Жайымбетов жаңа әлеуметтік бағдарлама бойынша көбейтілген әлеуметтік көмектен игіліктену бойынша мемлекеттік қызметтерге жүгіне келген көпбалалы аналармен әңгімелесіп, осы бағыттағы мемлкеттік қызметтердің сапасы жайында сұрады және Елбасы тапсырмаларының дер кезінде орындалуына маңыз берді.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ