Навигация

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Жаңалықтар » Жаңалықтар » Олжалы оралды

Жаңалықтар

Олжалы оралды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.04.2019
Оқылды: 46 Печать страницы
Олжалы оралды
Олжалы оралды
 
12-14 сәуір аралығында Қырғызстанның Бишкек қаласында комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен IV Азия чемпионатында ОРМБЖМ-ның тәрбиеленушілері жақсы нәтижемен оралды.
 
Аталған мектептің джиу-джитсудан жаттықтырушылары Марат Қобланов, Алинұр Аманқұлов, Нұрым Сәрсебектің шәкірттері 13-14 жас санатында 42 келі салмақта Аяла Бөрібай (№1 ОМ), 47 келі салмақта Ұларбек Бүлдіршін (№5 ОМ), 18 жастан жоғарғы санатта, 50 келі салмақта Үкілай Ахметуәлиқызы алтын медаль, 16-17 жас санатында Нияз Тілеужан 55 келі салмақта күміс, 18 жастан жоғарғы санат бойынша 62 келі салмақта Аяулым Көбей қола медаль тақты.
 
Айта кетерлігі, Үкілай спорттың осы түрінен 2018 жылы өткен Азия чемпионатында да өз салмағында алтын алған болатын.
 
Сондай-ақ, ересектер арасында А.Аманқұлов күміс медаль иеленіп, қарымды да тәжірибелі бапкер екенін байқатты.
 
Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ